Брендтерді біріктірген “Fashion Pact”

Брендтерді біріктірген “Fashion Pact”

Автор: Сейіт Рахман

31/10/2020 01:27

Брендтердің бірігуі

2019 жылдың ең алаңдаушылық тудырған оқиғасы ретінде сауалнама нәтижесі Амазонка орманының өртенуін көрсетіпті. Жер шарының өкпесі атанған Бразилия жынысының отқа орануы көптеген саяси тұлғалар мен қоғам қайраткерлерін бей-жай қалдырмады. Экологияға алаңдаушылық танытқан белсенді топ тиісті шаралар қабылдауға әрекет етті. 

Францияның Биарриц қаласында өткен G7 саммитінде Kering компаниясының атқарушы директоры Франсуа-Анри Пино экожүйені қорғау, жер шарының ластануын азайту жайында бастама көтерді. Ұсыныс көп ұзамай-ақ Chanel, Hermes, Burberry, Prada, Stella McCartney, Armani және Adidas қатарлы әлемдік сән индустриясының алпауыттары тарапынан қолдау тауып, 32 үздік компания басшылары мақұлдаған “Fashion Pact” мәлімдемесі дүниеге келді. 

Үздіксіз ұлғайған қозғалысқа одан бергі бір жыл ішінде  60-тан астам компания мүше болды. Осылайша, дүние жүзіне танымал 200-ден артық, яғни әйгілі брендтердің үштен бірі пактіні қолдады. 

Экологияны қорғау майданы 

Арнаулы эколог мамандар мен табиғат жанашырларының кеңесімен пактіге климат, биоалуантүрлілік, теңіз-мұхит саласы қатарлы үш үлкен бағыт өзек етіп алынды. Бостон Консалтинг групптың техникалық есебіне сүйене отырып, осы үш бағыт аясында альянс 7 мәселеде нақты сандық KPI көрсеткішін бекітті. Әр компания 2020 жылдың соңына дейін биоәртүрлілікке қатысты өз жобаларын әзірлеп, 2030 жылға жетпей бір рет істетілетін пластмас бұйымдардан бас тартатын, көміртегінің ауаға таралуын азайтуға уағдаласты. Атап өтерлігі, осы пактіге қол қоярдан бұрын 80% компанияларда биоалуантүрлілікті қорғау туралы ешқандай  қоғамдық міндеттеме болмаған. Оның үстіне қазіргі экожүйені қорғау деңгейі де әртүрлі. Мысалы, 60% компания бөлшек саудада полиэтилен қаптамаларға тыйым салса, тек 15% кәсіпорын ғана киім ілгіш, зат тасымалы орамы қатарлы үдерістерде полиэтиленге толығымен шектеу қойып отыр. Прогресс әркелкі болса да, қозғалыс жауаптылары инновацияны кеңейту арқылы алшақтықты азайта алатынына сенімді. 

Пактіге қол қойған компаниялар

ADIDAS,  AIGLE,  ALDO GROUP,  AUCHAN RETAIL, BALLY, BESTSELLER,  BONAVERI,  BURBERRY, CALZEDONIA GROUP, CAPRI HOLDINGS LIMITED, CARREFOUR, CELIO,  CHANEL,  DAMARTEX GROUP,  DCM JENNYFE, DECATHLON,  DIESEL, EL CORTE INGLÉS, ERALDA, ERMENEGILDO ZEGNA, ETAM GROUP, EVERYBODY&EVERYONE, FARFETCH, FASHION CUBED, FIGARET, FUNG GROUP, GANT, GAP Inc., GEOX, GIORGIO ARMANI, GROUPE BEAUMANOIR, GALERIES LAFAYETTE, ERAM, IDKIDS, ROSSIGNOL, H&M, HERMES, HERNO, HOUSE OF BAUKJEN, INDITEX, KARL LAGERFELD, KERING, KIABI, MANGO, MATCHESFASHION.COM, MONCLER, MONOPRIX, NIKE, NOA BRANDS, NORDSTROM, PAUL & JOE, PRADA, PROMOD, PUMA, PVH Corp., RALPH LAUREN, RUYI, SALVATORE FERRAGAMO, SELFRIDGES, STELLA MCCARTNEY, TAPESTRY,  TENDAM.

Бөлісу:


Ұсынылған