Сайт туралы

Erenjol.kz – ағартушылық бағыттағы сайт. Мұнда танымдық, ақпараттық материалдармен таныса аласыз. Оған қоса онлайн квест ойындар білім көкжиегіңізді кеңейтеді. Сайт әкімшілігі түрлі серіктестік байланыстарға ниетті. Сондай-ақ оқырмандар тарапынан ұсынстар мен пікірлер күтеді.


Erenjol.kz – ағартушылық бағыттағы сайт. Мұнда ғылым-білім, әдебиет-мәдениет, ойын-сауық тақырыбындағы материалдармен таныса аласыз. Басты ұстын – оқырмандардың танымын арттырып, білім көкжиегін кеңейту.  

Qazquest – сайт ұсынған жаңа жоба. Қазақ тілінде мүлдем жоққа тән онлайн квест ойынының ізашар тұңғышы. Идеяны іске асырушылар мәтін, аудио, фото, видео, дата деректерді ұштастыра отырып, материалды ойын-сауық форматымен беруді көздеді. Сіз ойнай отырып, біліміңізді бекемдейсіз, ойыңызды ұштайсыз. Бұл контент Америка халқының көмегі арқасында Америка Құрама Штаттарының Халықаралық даму агенттігінің (USAID) қаржысымен Internews ұйымы іске асыратын "Орталық Азияның MediaCAMP бағдарламасы" аясында дайындалды. «Ерен жол» қоғамдық қоры ақпараттың мазмұнына тікелей жауапты және ол ақпарат USAID-тың немесе Америка Құрама Штаттары үкіметінің немесе Internews пікіріне сай келмеуі мүмкін. USAID әлемдік жетекші халықаралық даму агенттігі және тұрақты дамуға қол жеткізу катализаторы болып табылады. USAID АҚШ ұлттық қауіпсіздігін қамтамасыз ету және экономикалық өркендеуді арттыру бойынша жұмыс атқарады, америкалықтардың жомарттығын көрсетеді әрі тұрақты дамуға үлес қосады. Qazquest-ті жалғасты түрде жанр, мазмұн, тақырып, формат, пішін тұрғысынан байыту алға қойған міндеттің негізгісі. 

Медиасауат – редакцияның басымдық беретін бағыттарының бірі. Бұл секциядан ақпарат іздеу, деректерді тексеру, сыни ойлау, контент талдау машықтарына баулитын мақалаларды оқи аласыз. Сондай-ақ ақпараттық сауатты жетілдіретін өзге де видео, аудио материалдар мен инфографикалар орналасады.  

Таным айдарымен көз аяны кеңейтіп, түсінік-ұғымды тереңдететін түрлі тақырыптағы мақалалар жарық көреді. Материалдардың тілі ұғынықты, жеңіл болуына қарамастан, мазмұны мен айтар ойына мән беріледі.   

Сайт редакторы – Ұшқын Сәйдірахманұлы. Мақалаларды Сейіт Рахман мен Тілеунұр Қонысбайдан құралған шығармашылық топ дайындайды. Сайт дизайнын FАВ студиясы әзірледі. Сондай-ақ осы студияның негізін қалаушы, дизайнер Сымбатбек Дәрігерхан жарияланымдардың әрленуі мен безендірілуіне атсалысады. Ал сайттың техникалық құрылымын жасап, бағдарламасын жазған – "Qar barysy" IT компаниясы. Бірнеше халықаралық жобаларды сәтті жүзеге асырған, арнайы мобильдік қосымшыларды құрастыруда да айтарлықтай тәжірибесі бар компания "Qazquest" онлайн ойындарын табысты бағдарламалады.    

Сайт әкімшілігі түрлі серіктестік байланыстарға ниетті. Сондай-ақ казақ интернет кеңістігін көркейтуге пейілді авторларға сайт төрінен орын ұсынады. Тұщымды туындылар, ұтымды ұсынстар арқылы ой-пікірлеріңізді ортаға салыңыздар, қымбатты оқырман.